«Нардың жүгін көтеріп жүр»: Әкелерін арқалаған Қыдырәлі Болмановтың ұлдарына көпшілік сүйсінді

0

Танымал әнші Қыдырәлі Болмановтың ұлдары әкелерін арқалап алған видеосы желіге тарады. Бұл туралы .kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің әйелі Қарақат Әбілдина жеке парақшасына жүктеді.

“Аллаға шүкір, кешегі сүт сәбилер бүгін, міне, әкелерін арқалуға жарап қалыпты.
Дұрыс-ақ! Нардың жүгін, ардың жүгін арқалаған әкелеріңе қандай құрмет көрсетсеңдер де жарасады, құлыншақтарым. Сендер де ел сенімін ақтаған, алғыс, абырой арқалаған азаматтардың қатарынан болғайсыңдар деп тілейді аналарың. Осындай шынайы сәттерге менің жүрегім елжірейді. Бала деген тез өседі екен, парақшама салып естелікке сақтап қояйын дедім. Баршаңызға жқсылық тіледік”, – деп жазды әнші.



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнерлі отбасының өмірін көпке үлгі етіп жатыр.

“Менің риза болатыным: Қарақаттың ерін мықты сыйлайтыны, әрқашанда құрмет тұтып көтермелеп отыратыны. Бұл отбасының ең үлкен құндылығының бірі. Қарақаттың анасынан алған тәрбиесі, ақылдылығы әрбір шаңырақтың келіндеріне үлгі болса екен. Ыстық жанұяның жылулығын ұл-қыздары бойына сіңіріп өседі. Балалардың балалық шақтары еш өкінішсіз өтері анық. Қарақатымызға Алла бақ берді, осы бақ жалғасын тауып, келіндері адал, ибалы келіндер болып, әр қайсысы әр үйдің шамшырағына айналған үлкен әулетті ана болсын”, – деп тілек білдірді Гүлзира Айдарбекова.

Еске салайық, Қарақат Әбілдина тұңғышынан кейін сегіз жыл бала көтере алмағанын айтқан еді.