«Тарихқа енді»: Тамара Асар күйеуінің жетістігін айтып, сүйінші сұрады (ФОТО)
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG_7542-905x613.png)
Өнер иесінің күйеуі кәсіпкер Бекмырза Жұмаш Айтжанұлы – «Астық» элеватор жабдықтары зауытының бас директоры. Белгілі болғандай, кәсіпкер “Made in Kazakhstan. Brands of Kazakhstan” кітабына енген.
«Бапасы – Жұмаш Айтжанұлы! Бала күнгі арман-мақсатыңызды ұштастырған, жастық шағыңыздың албырт күшін арнаған өндірісіңіздің тарихқа енуі құтты болсын!!! Сіз үшін, және сіздің өндіріс үшін шынайы қуанып, абырой-амандығыңызды тілеп біздер жаныңызда жүре берейік! Әке-Шешеңіз тірі болғанда марқайып мақтанып ағайын туысқа өздері звондап отырар еді… Әттең… “Made in Kazakhstan. Brands of Kazakhstan” кітабы — Қазақстан тарихындағы қазақстандық брендтер туралы алғашқы кітап. Кітапта Қазақстандағы 30-дан астам жетекші компаниялардың брендтері ұсынылған. Осы кітаптың жаңа басылымына Астық зауыты да енді. Шын жүректен құттықтаймыз!!! Қазақстан эконимикасына толағай табыстар әкеле беріңіздер! Қазақстан өндірісіндегі машина жасау саласына еңбектеріңіз сіңе берсін! Биік белестерді бағындыра беріңіздер! “Жасасын @zavodasstyk 🇰🇿”- деп коммент қалдырып,лайк қойып кетсеңіздер екен. Әр жетістігімізге шын қуанып, шын құттықтайтын жақын жандар көп болсын», – деп жазды ол.