“Президенттің қатаң бақылауында…” — Ерке Есмаханның АҚШ-тағы концерті өтпейтін болды
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG_7529-905x613.webp)
Әнші Ерке Есмахан Америкадағы тыңдармандарынан кешірім сұрады.
“Ақпанның басында визаға тапсыруға бардық. Кеше қолыма төлқұжатымды визасымен бірге алдым. Бірақ Америкада болуға берген уақыты екі-ақ күн. Күйеуімдікі де 12-не дейін. Біздің концерттің уақытымен де сәйкес келмейді. Егер біз уақытқа қарамай ұша берсек, заң бұзамыз. Виза уақытымен кіріп кетіп, біраз күн жүруге де болады. Бірақ жаңа президенттің қатты бақылауындағы дүние болғандықтан, бас тартып отырмыз. Әрі басқа елдің заңын да сыйлап тұрмыз. Сонымен концертіміз өтпейтін болып жатыр. Көңіл күй жоқ, үйде отырмын. Билет алған көрерменнен кешірім сұраймыз.
Бұйырмаған Америка болды. Исламға аяғым ауыр кезінде де визамен кедергілер болып еді. Райм өзі барып келген еді. Осымен үшінші рет жол түспеді. Америкаға ұшу – 20 сағат. Сабырға келіп, қайырлысы деп отырмын”, – деп жазды Ерке Есмахан.
фото: instagram.com/erke_esmahan