Ақтауда әйелді көршісі автотұрақ үшін ұрып-соққан
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG_5156-905x613.webp)
Ақтау тұрғыны көршісінің көлік тұрағына байланысты жанжал кезінде өзін ұрып-соққанын мәлімдеді
«Мен көлігімді тұраққа қойдым, кенеттен бір ер адам келіп, дұрыс қоймағанымды айтып, айғайлай бастады. Ашулы екенін байқап, көлігімді қайта қоюға тырыстым, бірақ ол рұқсат бермеді. Кейін көлігімнің есігін ашып, мені ұра бастады. Сол сәтте полицияға хабарласып, арыз жаздым», – деді Валентина.
Оның айтуынша, шабуыл жасаған адам өзімен бір ғимаратта тұратын көршісі болып шыққан. Бұған дейін олардың арасында ешқандай жанжал болмаған.
Жәбірленуші БАҚ өкілдерінен оқиғаны көрген куәгерлерді табуға көмектесуді сұрап, істің әділ тергелуіне алаңдаушылық білдірді.
«Ешкім тергеу жүргізгісі келмейді. Мен өзім көрші ғимараттарды аралап, бейнекамералардағы жазбаларды іздеп жүрмін. Видеоны тауып алып, полицияға тапсырдым. Бірақ олар істі жауып тастауға тырысатын сияқты. Тергеушілер көршілерден сұрақ алмады, ал терезеден не болғанын көргендер бар. Сол күні кешке автотұрақта көліктер көп болды. Істің жабылып қалуынан қорқамын, өйткені ол адам «барлық полицияны сатып аламын» деп айғайлады», – деді Ақтау тұрғыны.
Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғағанын және тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.