Ақтау қаласы әкімінің экс-орынбасарына іздеу жарияланды

0

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланды.

Оған Обухов тау-кен байыту комбинатында заңсыз өндіріске қатысы бар және шенеуніктерге 225 миллион теңге пара беруге итермеледі деген айып тағылуда. 2024 жылдың желтоқсанында сот оны кінәсіз деп тапқанымен, кейін прокуратураның шағымы негізінде қаңтарда қамауда ұстау туралы шешім шыққан. Сәдуақасов 2019 жылдан бастап әкім орынбасары қызметін атқарған.

фото: qamqor.gov.kz