АҚШ президенті Дональд Трамппен бірге көзге түскен Нұрлан Имам желіні жарды
АҚШ Президентінің қайырымдылық кешіне қатысқанын Нұрлан имам әлеуметтік желіде жазды.
«Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-шіПрезиденті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. Ең ілері «Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп» деп айтқаны.
Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды.
Түйгенім: Еліміздің әрбір азаматы аманатты сезініп, ісіне адал, жүрегі таза, Отанын шынайы сүйіп қызмет етсе, біздің де алға басар қадамдарымыз қарыштайтынына сенімім мол ағайындар…», — деп жазды дінтанушы желідегі парақшасында.