Бұрынғы әкім мен әйелін олардың немересі өлтіріп, мәйітін жоғалтып жіберген
Полиция сұмдық қылмыстың куәсі болды
Mash каналының жазуынша, Тархов пен оның әйелін таныстары қаңтар айынан бері көрмеген, тек телефон хаттары арқылы сөйлесіп тұрған. Ол хаттарды Екатерина ата-әжесінің атынан жазып отырған. Ол Тархов іститін компанияның кеңсесіне атасының қолы қойылған құжаттарды апарып тұрған. Алдын-ала тергеу мәліметі бойынша, Екатерина атасының мүліктерін:Toyota RAV4 көлігін, икондар коллекциясын, қымбат бұйымдарын сатып жіберген. Қыздың әрекеттері күдік тудырған соң, тергеу басталған.
Тағы бір нұсқада Екатерина ата-әжесін өлтіріп, мәйітін құртып жібергені айтылады. Бейнекамераларды тексерген полиция Виктор Тархов пен оның әйелінің қаңтар айының басында үйлеріне кіргеннен қайта шықпағанын анықтаған. Сол үйге 4-8 қаңтар аралығында немересі кіріп-шығып жүрген. Бір күні қыз күдік тудыратын үлкен қара қапшықтарды алып шыққан. Полиция оны тексерген кезде, қыздың пластик бөшкелер сатып алғаны белгілі болды. Екатерина 3 ақпанда ұсталған, ол куәлік беруден бас тартып отыр. Тархов пен оның әйелінің денесі әлі табылған жоқ.