Енді қыз алып қашқандар 5 жылға сотталады
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің айтуынша, заңға толықтыру ҚР Қылмыстық кодексінің оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобының қарауында. Енді қыз алып қашқандар 3 жылдан 5 жылға сотталуы мүмкін.
Барлығы жағдайға байланысты. Егер кәмелет жасына толмаған қыз балаға қатысты ма және оны адамдар тобы жасады ма, қандай да бір зиян келтірілді ме, психологиялық немесе физикалық қысым жасалды ма, оның бәрі бөлек қаралады, – деп нақтылады депутат.
фото: ашықдереккөз