«Балама ота жасату керек»: дипломат күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаш қазіргі жағдайы жайлы не дейді (ВИДЕО)

0

Ол бірқатар жобада жұмыс істеп жүр. БАӘ-де елшінің кеңесшісі болған дипломат күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаш қазіргі өмірі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен қазір кез келген жобаны алуға тырысып жатырмын. Себебі қазір менің ең басты мақсатым – ұлыма отаға ақша жинау. Кореяда операция жасау бұл қазір мен үшін мүмкін емес дүние. Егер де Қазақстанда ота жасайтын мамандар болса, жақсы болар еді. Бұрынғы күйеуім операция жасауға қарсы болды. Оның қаржылық мүмкіндігі болатын. Қазір де көмектеспейтіні анық», — деді Карина Мамаш.

Ол қазір гимнастикадан сабақ беретін бапкерінің үйінде тұрып жатқанын айтты.

«Балалар дағдарыс орталығынан шаршады. Себебі онда кішкентай сәбилер де бар. Сол себепті көмегін ұсынған бапкерімнің үйінде тұрып жатырмын. Қазір мүлікті бөлу процесі жүріп жатыр», — дейді Карина Мамаш.

Еске салсақ, Карина Мамаш күйеуінің ұрып-соғатынын айтқан мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтқан еді. Елші кеңесшісінің үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалды.