«Арнайы аспаз шақырған»: Ыстамбұлдан келген Айнұр Тұрсынбаеваны қонақ еткісі келетіндер кезек күтіп қалды

0

Айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева өзін қонақ еткісі келген оқырмандарына алғыс білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әріптесі Жандарбек Бұлғақовтың үйіне ғана барып үлгерген.

“Сырымның қонаққа шақырғаны жаман хит болды ғой. Жандарбек Бұлғақов соны көре салып «ойбай, мен де шақырамын» деді ғой. Оның үстіне Қайша Керей екеуміз қосылып Мәлике Байоразованың туған күніне қымбат кроссовки алғанбыз. Соны да бермей кете ме деп қорықты-ау», – деп жазды айтыскер ақын.

Айтыс өкілінің сөзінше, ерекше дастархан қатты таңғалдырған.

“Арнайы аспаз шақырған. Қырғын қуырдақ, былқылдаған балық. Жақсы күтті, сөз жоқ. Қонаққа шақырмаған адам жоқ негізі, уақытым тығыз болды. Күніне 3-4 сағат қана ұйықтап жүрдім”, – деп жазды коуч.

Еске салайық, Айнұр Тұрсынбаеваны қонақ еткен Сырым Әуезханның шаңырағы қызу талқыға түскен еді.