Қонаевта оқушылар сыныптасын соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірген
Журналист Гүлмира Әбіқай Қонаев қаласында болған сұмдық оқиға туралы жазды. Ол қалаға кіре берістегі көпірдің астында жиі осындай жағдайлардың орын алғанын жазды.
«Кеше ғана 9-сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған. Бала жансақтау бөліміне түсті, қазір ауруханада. Ата-анасы өзімізді кінәлі қылуда деп жазыпты.Ата-ананы тыңдамайтын, тәртіпке бағынбайтын, инспектордан ықпайтын баланың орны – колония. Ешкім баласын бақша, мектеп, әскерге мүгедек болсын деп жібермейді», — деп жазды ол.
Фото: Instagram/gulmir_ktk