Мақпал Жүнісова өзін жасанды интеллектпен мазақ қылғандарға ескерту жасады

0

Әнші Мақпал Жүнісова желіде тараған видеоға қатысты ойын айтты.

Әнші өзінің дауысын пайдаланып, жасанды интеллект арқылы ағылшын тілінде орындалған әннің видеосын таратқандарға ескерту жасады.

«Бәрі таратып жатыр, бірақ маған ұнамайды бұл. Ауылда туған қазақтың қызымын ғой. Бұлар заңды бұзып отыр. Менің орындамаған әндерімді мен орындады деп отыр. Қазір қатты таратып жатыр. Мен ағылшынша орындамағаннан кейін ұрлықшы сияқты болып тұрмын. Өзімді кінәлі сезініп тұрмын. Сосын маған жараспайды екен мұндай. Өзім қазақтың иісі аңқыған қызбын ғой, қазақ тілінде ғана жақсы орындай аламын деп айта аламын. Жасанды интеллектпен жасайды екен. Мен бұған қарсымын, олардың бәрімен соттасып жүретін уақытым жоқ. Негізі олар заңды бұзып отыр», — дейді әнші «Ел арна» телеарнасына берген сұхбатында.

коллаж: liter.kz