Ақтаудағы жаттықтырушы қыздың өлімі: Басты күдікті өмір бойына сотталды

0

Ақтауда қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлап, есірткі қолдануға мәжбүрлеген бір топ ер адамға қатысты сот үкімді өзгертті. Басты күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін, 29 жастағы фитнес-жаттықтырушы Алина Серікова қорқытудан кейін өз-өзіне қол жұмсаған еді.  Бір топ жігіт спортшы қызды көшеде ұрлап әкетіп, ұзақ уақыт қинаған. Бірінші сатыдағы соттың шешімімен бес айыпталушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған.  Бірақ Серікованың отбасы үкімді әділ деп санамаған.

Осылайша 30 қаңтарда Алинаның зорлау ісі бойынша сотқа апелляциялық шағым түсіру үшін ондаған адам жиналды. Оның інісі басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті.

Шешім 31 қаңтарда жарияланды. Нұргелді Сейітқалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қалған айыпталушылар Еркебұлан Аманқос – 16 жыл, Аралбай Мерей – 13 жыл, Дархан Құлбас – 13 жыл, Қуаныш Үсенғали – 13 жылға сотталды. Сондай-ақ жәбірленушінің отбасына 30 миллион теңге өтемақы төленеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда бір топ ер адамның қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлап, есірткі қолдануға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарағанын жазған едік. Марқұмның інісі жағдай туралы толық айтып берді.