«Маңызды тұсы бітеліп қалған»: Елдос «Колобок» бедеулікке қарсы отаның қалай жасалғанын айтып берді
Танымал блогер Елдос Кәдірханов бедеулік дертімен қалай күрескенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы соңғы рет жасалған отаның сәтті өткенін айтып, ел алдында дәрігеріне алғыс білдірген еді.
- «Түркияда ота 20-30 минут қана жасалатын. Ал Астанада ота 3,5 сағат жасалды. Дәрігерлер үмітін үзіп жатқан екен. Хирургтың айтуынша, ең маңызды тұсы бітеліп қалған екен. Ота жасаған дәрігер дәл сол тұсты кесетін әдісті қолданбайтынбыз, оны ұмытып кеткенбіз дейді. Сол әдіске қажетті бір құралын қасындағы көмекшілерінен сұраса, оны тіпті дайындамаған да екен. Соны әкелгеннен кейін жаңағы жабысып тұрған жерді кесіп жібергенде бір дауыс шығып, артынша бұлақ болып ақты дейді. Соны алып, эмбриологқа бергенде ішінде жыбырлап жүргендерін көрген. Ондай менде мүлдем болмаған», – деді блогер.
Сондай-ақ жарына түрлі ауыр сөз жазатынын да жасырмады.
“Біздің арамызда бала болмағаны үшін неше түрлі сөз жазады. “Елдосқа мен туып берейін” деп жазған қыздар да болды. Біз отадан кейін елге бәрін жайып салдық. Біріншісі осындай артық сөздерге тосқауыл болсын дедік. Екіншісі қаншама адамдар емделмей, аурухана жағалап жүр. Соларға үміт сыйлау мақсатында жарияладық. “Бала сүйе аласыз” деген сөзді естігенде бақыттан басым айналды. Сәби күтіп жүрген әр отбасыға жұғысты болсын. Қымбатшылық заманда дәрі-дәрмекті алу да кейбір отбасы үшін қиын болуы мүмкін. Уақыт өткізбей мен айтқан орталыққа баруға кеңес беремін”, – деді Елдос.
Еске салайық блогер балалы болу үшін 13 жыл емделгенін жазған едік.