Шымкентте таксиге мінген екі адам жоғалып кетті
Әлеуметтік желіде Шұбарсу ауылының 17 жастағы тұрғыны Ермекбай Арайлым Ерболқызы мен 20 жастағы Еділбек Бәйдібек Ақмырзаұлы алдында таксиге отырған. Содан кейін телефоны сөніп, хабарсыз кеткен.
Бүгінде Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері хабар-ошарсыз жоғалған қыз туралы арыз бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
— Іздеу жұмыстарына Шымкент қаласы полиция департаментінің кешенді күштері мен құралдары жұмылдырылды. Аудандық бөлімдердің жеке құрамы мен көрші өңірлердің полиция департаменттеріне бағдар жолданды, — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
фото: iapn.kz