Тойда Құранды рэп қылып оқыған блогер көпшіліктен кешірім сұрады
Туған күндердің бірінде сүрені рэп қып оқыған блогер Жұлдыз Жауынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында елден кешірім сұрады.
“Намаздағы кісілер мені түсінеді, мен мақтанғым келді. Мен Құранды білетін едім дедім де, сондай ниетпен айттым. Ол жерде ешқандай музыка, рэп, бит жоқ.
Барша мұсылман халықтан басымды иіп кешірім сұрағым келіп тұр. Негізі басты ниетім жаман болған жоқ. Мен Құранды білетініме мақтанғым келді», — дейді блогер.