Прокуратура мен мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің төбелесі: бір адам комада

0

28 қаңтар күні Атырау қаласындағы ең қымбат мейрамханалардың бірі – “Beer house villa”-да төбелес орын алды. Оған прокуратура қызметкері Асқар Жанысбаев пен Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков пен оның орынбасары Әлиби Бәгітжанов қатысқан деп хабарлайды Ақ жайық телеграм арнасы.

Бар мәліметтерге сәйкес, төбелес салдарынан Ә. Бәгітжанов облыстық ауруханаға жеткізілген, қазіргі таңда ол комада жатыр.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаның болғанын растады:
«Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, оқиғаға прокуратура қызметкерлерінің қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында Бас көлік прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізуде.