«Ақшасын аяған жоқ»: Салтанат Байқошқарова екі рет ана атанған Баян Мақсатқызын көпке үлгі етті
Танымал дәрігер, эмбриолог Салтанат Байқошқарова бір айда екі рет ата атанған Баян Мақсатқызына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Медицина маманы журналист Әйгерім Сейфоллаға сұхбат беріп, продюсердің сәби сүю жолында қандай қиындықтарға барғанын айтты.
“Біз негізі науқастар туралы айта бермейміз. Баян Алагөзова өзі ашық адам болғасын, бәрін айтып берді. Елге үміт сыйлады. Қыздарының 40-ынан шығару рәсімінде мені төріне отырғызды.
“Өзім туамын” деп келетін 50 жастағы әйелдер болды. Егер денсаулығы жақсы болып тұрса, бірінші рет ана болайын деп тұрса, аналық сезімді көрсін деп рұқсат беретін кездер болады. Алайда көп жағдайда денсаулығына байланысты суррогат ана қызметін пайдалануды ұсынамыз. Баян көп еңбек етті. Ол өзі айтты, өзі ашылды. Сондықтан біз оған алғысымызды айтамыз. Өйткені көбі бір рет барасың, болмаса, бітті деп ойлайды. Ал Баян – күрескер. Ол не айтсаң да, келісіп, жасаңыз деп ақшасын аямады. Ол өзінің табысын болашағына жұмсады», – деді дәрігер. Сондай-ақ профессор елімізде суррогат аналардың қызметі өте арзан әрі қолжетімді екенін жасырмады.
“Суррогат аналардың қызметі елімізде арзан тұрады. Мысалы, Америкада суррогат анаға 150 мың доллар береді, ал бізде кейде 10 мың доллар тұрмайды. Бұл дұрыс емес, суррогат ана басын тәуекелге тігеді», – деді жасанды ұрықтандыру маманы.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы төрт жылда екі рет түсік тастағанын айтқан еді.