Мәжілісмен Тоқаевтың сынынан кейін «штрафстан» деген сөзін «сәтсіз термин» деп атады

0

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «штрафстан» деген сөзіне қатысты пікір білдіріп, мұны «сәтсіз термин» деп атады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Перуашев әкімшілік жазаларды қатаңдату туралы заңнаманы қарау кезінде «штрафстанға айналып барамыз» деп айтқан еді.

«Президентпен толығымен келісімен. Расымен, біз елімізді сыйлауымыз керек. Әсіресе, шетелдік инвесторлар мен туристерді елімізді мақтау үшін шақырамыз ба әлде даттау үшін бе? Біз парламентті сөз сөйлегенде ресми тілді қолдануға міндеттіміз. Әрі қарай сабақ болсын. Мен ол кезде жауапкершілікті заңбұзушылықтың ауыртпалығына сай болуы керек деп айтқанмын. Терминді пайдаланғаным дұрыс болмады, оны мойындап отырмын.

Еске салайық, 28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға түрлі лақап ат қоятын депутаттар мен «қоғам белсенділерін» сынаған еді.

“Қалай десек те, мемлекет заң тәртібін қамтамасыз ету үшін қабылдайтын шаралар өз елін күстәналауға себеп болмауға тиіс. Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады. Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден «керемет жетістіктерді, табыстарды» тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін өзі «қоғам белсендісі» санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе», – деп жеткізді ол.