Қазақстанда 80 су арнасы жаңғыртылып, су үнемдеу технологияларын пайдалану ұлғайтылды

0

Су ресурстарын тиімді пайдалану және Қазақстанның ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қолдау жөніндегі жұмыс туралы Премьер Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндады.

Оның айтуынша, аграрлық жерлер толық көлемде суармалы сумен қамтамасыз етілген. Бұл ретте Арал теңізіне 2,6 млрд текше метр су жіберілді. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден едәуір жоғары.

Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 400 км-ден асатын 80 су арнасын жаңғырту аяқталды. су үнемдеу технологиялары енгізілген жерлерді қамту 1,5 есеге ұлғайып, 470 мың гектарды құрады.