“Самұрық-Қазына” қорын реформалау қажет — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Кеңейтілген Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазынаны» реформалау қажеттігін мәлімдеді.
«Бұл ең маңызды міндет. Жұмыс сәтті өтіп жатыр деп айту қиын. Әрине, нәтижелер бар, бірақ одан да көп жұмыс істеу керек. Біз Қордың қызметін ақпан айында арнайы талқылаймыз», — деді ел басшысы.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірінеше тұжырым жасады:
— Күрделі әлемдік ахуалға қарамастан, елімізде экономиканың өсуі байқалады, бірақ шешілмеген проблемалар қалып отыр;
— Тарифтік қақтығыстар мен санкциялар әлемдік экономиканың жаңа нормасына айналды, бұл ауыр зардаптарға қауіп төндіреді;
— Климаттық күн тәртібі өзгеріп, «жасыл энергетикаға» деген көзқарастарды қайта қарауды талап етеді. Дәстүрлі энергия ресурстарына сұраныс сақталады, бірақ мұнай, газ және көмір бағасы тұрақсыз;
— Жасанды интеллекттің дамуы технологиялық державалар арасындағы бәсекелестікті күшейтеді;
— Қиындықтарды жеңу үшін нақты стратегия қажет.
фото: ашықдереккөз