Премьер-министр ҚҚС шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынды

0

Премьер-министр ҚҚС шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынды.

«Бүгін де тіркелген 2,3 миллионнан астам салық төлеушілердің тек 137 700 бизнес субъектісі ҚҚС төлеушілер болып табылады. Бұл барлығының 6%-ын құрайды. Олардың тек 88 мыңы ҚҚС төлейді. Немесе салық төлеушілердің жалпы санының 4%. Себептердің бір і- ҚҚС бойынша есепке қоюдың жоғары шегі. Бүгінде ол 78 млн теңгені құрайды.

Біз ҚҚС шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынамыз. Осы шектерде бүгінгі таңда ШОБ-тың 88%- ы жұмыс істейді. Сондықтан бұл сегментке айтарлықтай әсер етпейді деп ойлаймыз. ЭЫДҰ елдерінде шекті деңгей одан да төмен, ал кейбір жетекші экономикаларда ол мүлдем нөлге тең. Осының арқасында қосымша 300 мыңға жуық жаңа салық төлеушілер пайда болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Коллаждарды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»