Президент қатысуымен кеңейтілген Үкімет отырысы басталды

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен кеңейтілген Үкімет отырысы басталды.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысы әлемдегі түбегейлі өзгерістер аясында өтуде. Жаһандық процестер біздің еліміздегі экономикалық жағдайға қатты әсер етуі мүмкін. (…)

Үкімет пен әкімдердің тиімділігі туралы, ең алдымен, экономиканы дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту нәтижелері бойынша бағалайтын боламыз. Бүгін біз өткен жылды қорытындылау және қысқа мерзімде шешілетін өзекті міндеттерді тұжырымдау үшін жиналдық», — деді Президент.

Бірінші болып премьер-Министр Олжас Бектенов баяндама жасайды, ол елдегі 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму және Үкіметтің биылғы жылға арналған жоспарлары туралы баяндайтын болады.
Сондай-ақ, вице-премьер Серік Жұманғарин сөз сөйлейді, ол салық және бюджет жүйесін реформалау туралы әңгімелейді.

Сөз сөйлеу барысында премьер Олжас Бектенов Қазақстанда азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде виртуалды көмекші іске қосылатынын мәлімдеді.

Ақорда сонымен қатар Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов, «Самұрық — Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков және Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасайтынын мәлімдеді.

фото: Ақорда