«Алтынбекке рақмет». Желіде тараған шендінің аудио жазбасына қатысты тергеу жүргізілетін болды
«Мынау ма, сендердің көрсеткіштерің: 1, 19… Мына арада бәрі көрініп тұр, кімнің не істегені. Ескертуді көп жазғансыңдар. Бүгін осы мәселе бойынша бізді жинағалы жатыр… Мұның бәрі БӘҚБТ базасынан алынған (әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі — шамамен. ред.)… Міне, Алтынбекке рақмет, 19 күн ішінде 30 хаттама толтырған. Қалғандарыңды білмеймін, не ойлап жүретіндеріңді. Қамбар, сен 7-ақ ескерту жазғансың. Ал мен сені еңбекқор деп ойлап жүрсем», – дейді белгісіз адам желіде тарап кеткен аудиожазбада.
Сондай-ақ, әлеуметтік желіде тараған ақпаратта мұндай заңсыз нұсқаулар үшін ҚР ІІМ басшылығы қызметкерлерін қатаң жазалайтыны да айтылады.
«Аталған факт бойынша Түркістан полиция басқармасы тексеру амалдарын қолға алды, оның нәтижелері бойынша полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады», — деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.