36 жыл мылқаудың күйін кешкен жетісайлық емші келер жылға болжам жасады — новости Казахстана

0

36 жылын мәжбүрліктен мылқау болып өткерген 41 жастағы жетісайлық көріпкел әрі емші Қазақстанның келер жылына болжам жасады. Айтуынша, Қазақстанды жарқын болашақ күтуде деп жазады Замана басылымы.

Көрнекі фото: zamana.kz

Көрнекі фото: zamana.kz

Жадыра Әбдібайқызының болжауынша, келер жылы елде тек аздаған өзгерістер болмақ. Яғни наннан тарығу, бағаның тұрақтамауы секілді мәселелер туындайды. Ол ұзаққа созылмайды екен. Жылдың екінші жартысында бидай көбейіп, кез келген өнім түрі молая түспек.

«Жуырда ғана жақсы түс көрдім. Аппақ түйеге ер адам мініп, жол жүріп барады екен. Бұдан түйгенім, Қазақстанды жарқын болашақ күтуде. Түйе дейтін жануар байлық пен молшылықтың, даналықтың жаршысы ғой.

Түйені ер азаматтың ерт­тегені тыныштық пен тұрақтылықты білдіреді. Егер әйел кісі түйеде отырған болса біраз жайсыздыққа көрінер еді. Демек, келешекте тек жақсылықтан үмітті болайық», — дейді Жадыра Әбдібай.

Алты баланы дүниеге әкелген әйелге көркіпкелдік қасиет «Иса тәуіп» деп атап кеткен емші атасынан дарыған. Ал 36 жыл бойы мылқаудың күйін кешуіне өзінің өткір тілі себеп болыпты.

«Екі жасымда тілім анық шыққан екен. Бір күні әжемнің қасында ойнап отырғанымда үйге бірнеше көрші апалар келеді. Барлығымыз даладағы тапшанда отырған екенбіз. Олар қайтуға жиналғанда соңынан кетіп бара жатқан әжеге: «Қазір анау темірден құлап, өлесіз!» – деппін. Айтқанымдай, әлгі апа тапшанның тепкішегінен сүрініп құлап, сол жерде тіл тартпай кетіпті.

Ал жан дауысы шығып, жаныма жетіп келген әжем аузымнан қолына түскен затпен ұра беріпті. Қан-жоса болған түріме ешкімнің қарағысы да келмепті. «Қыздарын жын қағыпты! Сап-сау кемпірді өлтіріп отыр!», – деп шулапты сонда ауыл адамдары.

Осыған ұқсас жағдайлар бұдан кейін де талай рет қайталаныпты. Көзіме түскен адамның жанынан теледидардағыдай көрініс көрінеді. Соны айна-қатесіз зуылдатып айтып бере қоямын. (…) Әжем мен анамнан қанша таяқ жеп, ескерту естісем де ауызға түскенді іркіп қала алмайтынмын», — деген Жадыра бұл әдетін 13-ке келгенше тоқтатпаған.

«Туған-туыс, көрші-қолаң менен қорқатын халге жеткенде атам мен апам 7 молда шақыртып, тілімді байлатып, әке-шешеммен қосып ауылдан алыс жерге апарып тастайды. Содан жиырма жасқа аяқ басқанда елге қайта көшіп келдік», — дейді көркіпкел.

Бүгінде Жадыра Әбдібайқызы дем салдырған соң ғана өз-өзіне келген.

«Менің тәрбиемді мықтап қолға ал­ған әжем мен анам жан баласына сөйлемеуімді қадағалады. Оның үстіне молдалардың тіліме «құлып» салғаны тағы бар. Үлкендерден үнемі: «Сөйлеме де, сөйлеспе! Кісінің көзіне қарама!» – дегенді жиі естідім.

Бала болып ойнағаным есімде жоқ. Уақыт өткен сайын тұйықтала бердім. Содан ба, жынды адамның кейпінде жүруді шығардым. Аласұрып, бойымды билей алмай қалған кездерім әлі күнге дейін есімде. Жақындарым оқытып, дем салдырған соң ғана өзіме келеді екенмін», — дейді ол.