Атырауда жұмысшылар 5-қабаттан құлап кеткен
Атыраудағы құрылыс алаңында 2 адам 5-қабаттан құлап кетті. Оның 1-еуі оқиға орнында мерт болды.
Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 20 қаңтарда болған.
«Күндізгі сағат 11:15 шамасында Атырау қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы 5-қабаттан құлағаны анықталды. Оқыс оқиға орнында 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттың салдарынан мерт болды. Ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды.
фото: Oxu.az