Жеңістің 80 жылдығына соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі

0

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төлеу жоспарланып отыр.

Қазақстанда 2025 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 120 ардагері, сондай-ақ ҰОС жеңісіне үлес қосқан 42 545 азамат тұрады. Олардың ішінде: қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 67 адам; концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 139 адам; ҰОС кезінде алған жаралануы, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 743 адам; ҰОС-та қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам; тыл еңбеккерлері – 41 594 адам.

фото: ашықдереккөз