«Қит етсе санкция дейді». Кремль Трампқа жауап қатты

0

Ресей басшысы Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Дональд Трамптың жазбасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РБК-ға сілтеме жасап. 

Дмитрий Песковтің сөзінше, Трамптың жазбасында “жаңалық жоқ, әрі оған сондай мәлімдеме жасаған ұнайды”. Ол “Ресей тең және өзара құрметті диалогқа дайын” дейді.

Ауыз толтырып айтарлықтай элемент байқамадық. Трамп алғаш президент болған кезде де қит етсе санкция деп шығатын, оған мұндай әдіс ұнайды. Әсіресе алғаш президент болған кезінде осы әдіске жүгінетін. Ал жалпы, әрине, мәлімдемелерін бақылап отырмыз. Барлық нюансты ескереміз, дейді Песков.

Песковтың айтуынша, Ресей Трамптың бірінші мерзімі кезіндегідей «екі президент арасында болған» «тең және өзара сыйластық диалогына» дайын.

Әзірге ешқандай сигнал түскен жоқ, – дейді Путиннің өкілі.

ТРАМПТЫҢ ЖАЗБАСЫ

Еске салайық, күні кеше Трамп Путинге арнап пост жариялаған болатын. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен соғысты тоқтату туралы келісім жасалмаса, Ресейге жаңа санкциялар мен сауда баждарын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

ТРАМП НЕ ДЕЙДІ

Егер біз «мәміле» жасаспасақ жақын арада Ресейдің Америка Құрама Штаттарына және басқа елдерге сататын барлық тауарына жоғары салықтар, баждар мен санкциялар салудан басқа амалым қалмайды. Мен президент болсам, ешқашан басталмауы тиіс болған осы соғысты аяқтайық! Біз мұны оңай немесе қиын жолмен жасай аламыз, бірақ оңай жолы қашан да жақсырақ. «Мәміле жасасар» уақыт келді, — деді АҚШ президенті.

Трамп Ресейге зиян тигізгісі келмейтінін және әрқашан президент Владимир Путинмен өте жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

Біз Ресейдің 60 000 000-ға жуық өмірін жоғалтып, Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге көмектескенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Осының бәрін ескере отырып, мен экономикасы құлдырап бара жатқан Ресейге және президент Путинге өте үлкен жақсылық жасаймын, – деп жазды АҚШ президенті.

“РЕСЕЙДІ ҚҰРТЫП ЖАТЫР”

Ұлықтау рәсімінен кейін Трамп Путинмен жақын арада кездесуді жоспарлап отырғанын айтқан. Оның сөзінше, Путин келісім жасағысы келмей, «Ресейді құртып жатыр». Кейінірек Трамп АҚШ-тың Киевке қосымша қару-жарақ жеткізу мәселесін зерттеп жатқанын мәлім етті, бірақ егжей-тегжейін тағы ашып айтпады.