Қарағанды облысында 19 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (видео)

0

Қарағанды облысында Екатеринбург-Алматы тас жолындағы қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Қарағанды-Балқаш жолында 19 автокөлік соқтығысқан. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауа райы жақсарғандықтан Балқаштан Қарағанды қаласына көлік қозғалысы ашылып, көп автокөлік жиналып қалған. Қарағанды облыстық полиция департаменті мен ҚазАвтоЖол қызметкерлері жол қозғалысын ұйымдастырды.

“Осы учаскенің 1630 шақырымында сағат 12:30-да 19 жеңіл көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнында төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері және жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Атап өту керек, бұл жол-көлік оқиғасына қатысушылар колонналық қозғалысқа қатыспаған”, – деп жазды ҚазАвтоЖол.

Жол апатының алдын ала себептерінің бірі – көлік жүргізушілері жылдамдықты асырып және арақашықтықты сақтамаған.

“Оқиға орнына төтенше жағдай министрлігінің құтқарушылары, психологтар, төтенше жағдай министрлігі “Апаттар медицина орталығы” және жедел жәрдем дәрігерлері дереу келген. Жол апаты болған жерде төтенше жағдайлар министрлігі орналасқан. Жол-көлік оқиғасының қатысушылары сол жерде жылынды. Жедел жәрдем бригадасы Ақсу-Аюлы ауылындағы аудандық ауруханаға 6 адам жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Қазір оқиға орнында кептеліс жоқ, көлік қозғалысы арнайы қарсы жолақ бойымен жүріп жатыр.