«Күйеуім үлде мен бүлдеге орап қойған»: Ерке Есмахан «сотуардан түскен ақшаға шалқып жүр» дегендерге жауап берді
Сапасыз бұйым сатты деп сынға қалған Ерке Есмахан өзін қаралап жатқандарға жауап берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі ұстаның қателігі үшін халықтан кешірім сұрады.
“Түсін жоғалтса да, мән мағынасы үшін алдым, ауыстырып беріңізші” деген қыздарға жауап беріп жатырмын. Бізден кеткен қателікті түзеп, қараймайтын сотуарды салып жіберемін. Бұл сотуардағы ниетті түсініп, бұйымның қайталанбайтынын біліп жатқан ақылды да нәзік қыздарды құшақтадым. Ырымдап алған жандардың бар тілегі орындалсын. Аяғым ауыр кезеңдемін ғой, шын жүректен тіледім”, – деп жазды әнші.
Одан кейін “Сотуардан тапқан ақшасына Парижде шалқып жүр” дегендерге ақталды.
“Сотуардан кеткен қателіктен бұрын, біраз адамның көкейінде саудадан түскен ақша екен. Соның ақшасына Парижде шалқып жүр екенмін. Айналайындар, мен бұл табысты таппай тұрып, Парижді төрт рет, дүниежүзін бес рет аралаған адаммын. Сотуарсыз-ақ күйеуім үлде мен бүлдеге орап қойған. Басқаның қателігіне қуанбай, біреудің ақшасын көре алмай өмір сүрмеңіз. Көп сөзден бір іс артық”, – деп кеңес берді өнер иесі.
Еске салайық, әншінің шығарған әшекей бұйымы қарайып кетіп, халық тарапынан сынға ұшыраған еді.