Жаңа Америка немесе Трамп пен Тоқаевты не байланыстырады?

Инаугурация алдында Трамп бірнеше рет «заң мен тәртіп» идеологиясын Жаңа Американың іргетасы ретінде атап өткен болатын.
Ал Тоқаев 2024 жылғы Жолдауында Қазақстанда қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын жан-жақты нығайту қажеттігін айтты. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді стратегиялық басымдық деп атап, бұл әрбір адам мен қоғам үшін іргелі құндылық екенін ерекше атап өтті.
Трамп сондай-ақ, «здравый смысл революциясы» туралы айтып, Жаңа Американың алтын ғасыры басталатынын мәлімдеді.
Бұл тұрғыда саясаттанушы Шибутовтың пікірі қызық: бұған дейін адамдарға еркіндік – ең басты құндылық болып көрінген еді. Кейінгі кезеңде бірінші орынға әл-ауқат шықты. Содан кейін адамдар өзін-өзі жүзеге асыру жолында жарысқа түсті.
Бірақ қазір анық көрініп отыр: заң мен тәртіпсіз бұл жоғары құндылықтардың ешқайсысына қол жеткізу мүмкін емес.
«Қазақстанда мұны Тоқаев ертерек түсінді. Біздің еліміз шағын, мұнда процестер тезірек дамиды. Сондықтан ол бірнеше жыл бұрын-ақ заң мен тәртіптің негіз екенін баса айтуды бастады. Онсыз экономика да, қоғам да тұрақты дами алмайды», – дейді ол.
Ал АҚШ мүлдем басқа жағдай. Бұл – алып ел, ішкі тұрақтылық қоры мықты. Бірақ елді нәсілдік қақтығыстар, қылмыстың өсуі, заңсыз миграция секілді ішкі проблемалар шайқалта бастады.
Америка бұған ұзақ уақыт көз жұма қарады, алайда қазір олардың қоғамы іштен қауіпке тап болғанда, Трамп өз сөздерінде тікелей мәлімдейді: «Заң мен тәртіп – біз қайтаратын құндылық».