“Робот арқылы қимылдай бастады” — Әскерде ауыр жарақат алған Ербаянның қазіргі жағдайы белгілі болды
Бұл туралы заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Ұзақ әрі нәтижелі емнің арқасында айтарлықтай оң өзгерістер бар: Басына сәтті ота жасалды. Инфекциядан толық арылды. Катетері мен мұрнындағы зонты алынды. Салмақ қосып, робот арқылы қимылдай бастады. Өзі аздап тамақ іше бастады», — деп жазды ол.