Өскеменде көлігін 5 минуттан артық қыздырған 3 адамға айыппұл салынды

0

Полицейлерге көлігін 5 минуттан артық қыздырған адамдар жайлы 3 арызды да бір адам түсірген.

Ол таңертең аулаға шығып, көліктерді видеоға түсіріп, тәртіп сақшыларына арызданып жүр.

«102 арнасына осылай 3 арыз түсті. Көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияда осындай заңбұзушылыққа жол берген азаматтарға жаппай айыппұл салу міндеті жоқ. Автокөлікті ұзақ қыздырғандарға әкімшілік хаттама тек азаматтардың арыз-шағымдары түскен кезде ғана толтырылады. Сондай-ақ бұзушылық туралы дәлелдер (фото, видео) болуы тиіс», — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, тұрғын аудандарда қозғалтқышы 5 минуттан астам жұмыс істеп тұрған көлік жүргізушілеріне заң бойынша 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады.

фото: rbk.ru