Түркістанда газ жарылып, бір отбасының үш адамы көз жұмды
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жігерген ауылындағы үйлердің бірінде 7 қаңтар күні газ жарылып, үш отбасы мүшесі қаза тапты.
Қаза тапқандар 40 жастағы отағасы Дәулет Тұрабаев пен оның 5 және 13 жастағы екі ұлы.Сөздерінше, жарылыс ай бұрын үйге әкелінген иран пешіндегі ақаудан болған. Алғашқы көмек көрсетілгенмен олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.