Ақтаудағы ұшақ құларда ұшқыштар мен диспетчердің сөйлескен әңгімесі тарады
Жазбадан Грозныйға да, Махачкалаға да қонбай, артынан Бакуға ұшып, ақыры Ақтауға қону туралы шешімді AZAL экипажы өзі қабылдағанын аңғаруға болады.
Ulysmedia.kz жазуынша, стенограммадан сондай-ақ ұшақ бортында оттегі баллонының жарылуы мен қозғалтқышқа құс түсуі туралы нұсқаларды экипаж мүшелері айтқанын түсінуге болады.
Baza дереккөздері кім екенін айтпаған. Ресми түрде жазбаның шынайылығы мен толықтығы да расталмаған.
Төменде Ростов диспетчерлері сөйлесе бастаған сәттен бастап стенограмманы ұсынамыз: (Э — экипаж, Д — диспетчер).
8:27:13 Э Ростов-Контроль 134,1, Әзербайжан 82-43.
8:27:32 Э: Ростов-Контроль, Әзербайжан 82-43, қайырлы күн. Сұрақтар, Бакуге тіке
8:27:41 Д: Қайырлы күн, 82-43, Ростов-Контроль.
8:27:47 Э: Әзербайжан 82-43, эшелон биіктігі 80 , Бакуге рұқсат беріңіздер. Руль істен шықты, біз газ секторларын пайдаланып жатырмыз.
8:28:03 Д: Әзербайжан 82-43, Ростов-Контроль, анықталды. Бакуге қарай ұшасыздар ма?
8:28:09 Э: Иә, иә, осы биіктікте Бакуге қарай ұшамыз.
8:28:14 Д: Растаңыздар, 90 ұшу деңгейінде жалғастырыңыз.
8:28:17 Э: Дәл солай, 90 ұшу деңгейіндеміз, бізге Бакуге жалпы бағыт беріңіз.
8:28:41 Д: Әзербайжан 82-43, әзірге ол бағыт бойынша курс жоқ, келген кезде қандай көмек керек?
8:28:53 Д: 82-43, Ростов-Контроль.
8:28:56 Э: А байланыста, әзірге ешқандай көмек керек емес, Бакуге қарай бағыт алдым
8:29:02 Э: Бақылау сәтсіз болды, біз газ секторларымен ұстап отырмыз
8:29:07 Д Әзербайжан 82-43, қазіргі бағыт туралы хабар беріңізші
8:29:18 Э 100 градус бойынша бағыт алдық (естілмейді).
8:29:22 Д 82-43 қайталаңызшы, естілмейді.
8:29:28 Э Курс 90, Әзербайжан 82-43.
8:29:31 Д Әзербайжан 82-43, курс 1-4-0.
8:29:36 Э Курс 1-4-0, Әзербайжан 82-43.
8:30:55 Д Әзербайжан 82-43, 90 ұшу деңгейіндесіздер ме, растаңыз
8:31:02 Э Түсінбедім
8:31:03 Д Әзербайжан, 90, Әзербайжан 82-43, Ростов-Контроль, 9-0 ұшу деңгейіндесіздер ме, растаңызп, ұшуды жалғастырыңыз
8:31:10 Э Растаймыз
8:31:25 Д AZ 82-43 (естілмейді), Ростов-Контроль 127,9.
8:31:33 Э 127,9 Әзербайжан 82-43.
8:31:38 Э: Ростов-Контроль, Әзербайжан 82-43, Бакуге тікелей бағыт беруді сұраймыз.
8:31:43 Д: Әзербайжан 82-43, қазіргі бағыт бойынша таулы аймаққа тап болуларыңыз мүмкін, ол оңтүстік-шығыста, мүмкіндігінше команда берген 90 деген бағытты ұстаңыздар. Таулы аймақ пен шектеулерден өткеннен кейін Бумарға қарай ұшыруға тырысамыз
8:31:58 Э: Рақмет, 090 бағыты бойынша ұшуға тырысамын Әзербайжан 82-43.
8:32:05 Д Әзербайжан 82-43, Бізде жазық жер бар, Қауіпсіз биіктікте ұшу деңгейі 80, мүмкіндігінше 80-нен төмен түспеуге тырысыңыздар
8:32:15 Э: Қабылданды, рақмет.
8:33:02 Э: Аналарды тыныштандыршы, бәрі дұрыс, Бакуге ұшамыз
8:33:08 Д: AZ 82-43, қайталаңызшы.
8:33:19 Э: Әзербайжан байланыста
8:33:22 Д: Әзербайжан 82-43, бір нәрсе айттыңыздар ма, қайталаңызшы. Бәрі дұрыс па, Бакуге ұштыңыздар ма?
8:33:27 Э: Жоқ, жоқ, Бакуге қарай бара жатырмыз. Бізде гидрожүйе істен шықты. Рөлмен басқарамыз – Қозғалтқышты басқару тұтқасымен (РУД) басқарамыз
8:33:35 Д: 82-43, түсіндім, гидравликалық жүйенің істен шыққан
8:33:51 Д: ЗА 8-2-43, сіздер солтүстікке қарай кетіп барасыздар, шығысқа қарай 30 градус оңға қарай ұшыңыздар
8:34:02 Э түсіндім, 30 градус оңға қарай
8:34:11 Д AZ 8-2-43, мынандай ұсыныс бар, оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырымда Махачкала бар, техникалық тұрғыда баруға болады, қабылдауға дайынсыздар ма? Шешімдеріңіз қандай?
8:34:23 Э: Маған Бакудегі ауа райы қандай екенін айтыңызшы
8:34:26 Д: ЗА 8-2-43, қайталаңызшы (естілмейді).
8:34:29 Э: Маған Бакудегі ауа райы қандай екенін айтыңызшы
8:34:31 Д ЗА 8-2-43, күте тұрыңыз.
8:34:34 Э: түсіндім.
8:34:43 Д: ЗА 8-2-43, Бакудің нақты ауа-райы 30 минут бұрын: жел 320 градус. 14 торап, 10 км-ден астам көріну. Бұлт деңгейі 660, жоқ 960 метр, температура 9, шық нүктесі 5. QNH 1-0 27 гПа, 2 сағат ішінде айтарлықтай өзгеріс жоқ.
8:35:05 Э: Жақсы, Махачкаладағы ауа райы қандай
8:35:09 Д: ЗА 8-2-43, Осы 60 эшелонды растай аласыз ба? Мүмкін болса, бұл аумақта 80 және одан жоғары жылдамдықпен жүру керек.
8:35:17 Э: (illeg)
8:35:41 Д: Махачкаладағы нақты ауа-райы 30 минутта жел 320 градус, секундына 2 метр, көріну 4800 метр, тұман, бұлт деңгейі 180 м, қатты бұлт жамылғысы 720 м, температура 7, шық нүктесі 5. QNH 1-0 2-6 гПа, жұмыс диапазоны 30, тірі тежеу тиімділігі жақсы, 2 сағатта айтарлықтай өзгерістер және QBB 180 м.
8:36:09 Э: Жоқ, Бакуге ұшамыз
8:36:12 Д ЗА 8-2-43, қазіргі бағытта (естілмейді) 0-40-пен келе жатырсыздар, оңға қарай 1-3-0 деңгейінде ұшыңыздар
8:36:41 Д ЗА 8-2-43, Восток-Контроль, естіліп тұр ма?
8:36:45 Э Жақсы естіліп тұр
8:36:47 Д: ЗА 8-2-43, оңға қарай 1-3-0 деңгейінде ұшуға мүмкіндік бар ма?
Э: Айналып жатырмыз, Әзербайжан бағытын алдық 82-43.
8:37:30 Д: 8-2-43 қалған отын мен құстың қай қозғалтқыштарға соқтығысқанын хабарлауға мүмкіндік бола ма?
8:38:14 Д: Аза 8-2-43 егер мүмкіндік болса, 90 эшелеонын алыңыздар.
8:38:23 Э: Тырысамын. Әзербайжан 8-2-43.
8:38:33 Д: (естілмейді) хабарлап жатыр, мүмкіндігінше 9000.
8:38:38 Д: ЗА 8-2-43 қайталаңызшы.
8:38:43 Д: Жоқ, ол грузиялық борт (естілмейді) 9-2-9 9000 деңгейінде ұшу үшін сіздің командаңызды қайталадым.
8:38:49 Д: 0-9-2-9 рақмет.
8:39:09 Э: Ростов Әзербайжан а-а 83-43, 2-43-тен кейін, борттағы (отын) 3-830, қозғалтқыштар істеп тұр, аэрондар мен рульді басқару жүйесі істен шықты.
8:39:28 Д: ЗА 8-2-43 түсіндім, аэрондар мен рульді басқару жүйесі істен шықты, қозғалтқыштар істеп тұр.
8:39:43 Э: Қалған отыр, а, 3-800.
8:39:51 Д Азал 8-2-43 жазып алдық.
8:39:57 Д: Азал 8-2-43 қанша отын қалғанын хабарлаңызшы
8:40:01 Э: Өтініш, қоя тұрыңызшы, үлгермей жатырмыз
8:40:03 Э: Ақтаудағы ауа райы қандай
8:40:06 Д За 8-2-43 күте тұрыңыз.
8:40:08 Э: күтемін.
8:41:39 Д: Аза 8-2-43 Ақтау uniform (alpha tango echo) нақты ауа-райы 30 мин.жел 0-40 гр 6 м/с, көріну 10 км-ден астам, бұлттылық 1080 м-ге айтарлықтай, температура 4, шық нүктесі -1, QNH 1-0-2-7 гПа, 2 сағатта айтарлықтай өзгеріс болмаған
8:42:03 Э: Түсінбедім. Қайда қону керек?
8:42:06 Д: ЗА 8-2-43 естілмейді мүлде.
8:42:09 Э: Қайда қону керек?
8:42:13 Д: Қону (естілмейді) (үлкен).
8:42:16 Д: За 8-2-43 в Metar(е)де жолақ жоқ, қазір нақтылап, айтамын
8:42:20 Э: А, айтыңыз.
8:45:26 Д: AZ 8-2-43, көрсеткіш эшелон 60, мүмкіндігінше 9-0 эшелонымен жүріңіз.
8:45:34 Э: 9-0 эшелонында ұшуға тырысамын, Әзербайжан 82-43.
8:45:41 Д: 1-8-2-43, келген кезде қандай көмек керегін де айтыңыз
8:45:58 Э: Өртсөндірушілер, эвакуация, дәрігер Әзербайжан 8243.
8:46:04 Д: (естілмейді) 42-8-3, естілмейді, дәрігер дегенді ғана түсіндім (естілмейді).
8:46:19 Э: Әзербайжан 8-2-43, Өртсөндірушілер, эвакуация, дәрігерлер керек
8:46:25 Д: (…ан/ага) 8-2-43, түсіндім, өртсөндірушілер, эвакуац… эвакуация мен дәрігерлер керек, ақпаратты жеткіземіз
8:47:45 Д: (естілмейді) мүмкіндігінше, оңға қарай 090 бағыты бойынша 20 градусқа жүріңіз
8:47:52 Э: Оңға қарай 090 бағыты (естілмейді) 3.
8:49:43 Э: ZA 8-2-43, для информации, сию опять снижайтесь, эшелон 70, по возможности набирайте эшелон 9-0.
8:49:56 Э: эшелон же… жеті… 19 (естілмейді) сегіз… сегіз жүз үш
8:50:03 Д: ZA 8-2 -43, растаймын, эшелон 9-0.
8:50:19 Д: ZA 8-2 -43, мүмкіндік болса, сағатына қанша отын қалғанын айтыңыз
8:50:29 Э: Бір жарым сағат, Әзербайжан, 82-43.
8:51:05 Д Әзербайжан 8-2-43, мүмкіндік болса, қанша жолаушы барын айтыңыз
8:51:12 Э 62 жолаушы, 8-2-43.
8:51:16 Э: Оттегі жетіспейді (естілмейді), бізде оттегі жетіспейді
8:51:17 Д: Әзербайжан 8-2-43, жолаушылар санын және қауіпті жүктердің бар-жоғын қайталаңыз.
8:51:25 Э: 62 жолаушы, қауіпті жүк жоқ, Әзербайжан 8-2-43.
8:51:31 Д: Әзербайжан 82-43, түсіндім, жаздық, 62 жолаушы, қауіпті жүк жоқ.
8:51:54 Д Әзербайжан 82-43, қазір…
8:52:25 Д: Әзербайжан 82-43, Ақтау әуеайлағы бойынша сізге қандай да бір деректер керек пе, жоқ сізде бәрі бар ма?
8:52:41 Э Жоқ, керек емес, бәрі бар
8:52:44 Д Әзербайжан 82-43, түсіндім.
8:52:46 Э Біздегі жағдай мынандай. Жолаушылар кабинасында оттегі аяқталып жатыр. Онда оттегі баллоны жарылған. Отынның иісі шығып жатыр. Кейбір жолаушылар… есінен танып жатыр. Төмен биікте ұшсақ, рұқсат бересіз бе?
8:53:04 Д Әзербайжан 82-43, қандай эшелон керек, хабарлаңызшы. Оттегі баллоны жарылғаны туралы ақпаратты алдым, оттегі азайып жатыр, жолаушылар есінен танып жатыр
8:53:14 Э 60-шы эшелон болады
8:53:18 Д: Әзербайжан 82-43, түсіндім, эшелон 60, қонған кезде реанимация керек пе?
8:53:18 Д: Әзербайжан 82-43, түсіндім. эшелон 60, қонған кезде реанимация…
8:53:25 Э: Иә, керек шығар
8:53:27 Д Әзербайжан 82-43, түсіндім, эшелон 60,
8:53:35 Иә, төмендеп жатырмыз
8:59:44 Д: AZAL 82-43 эшелон 54, 55, мүмкіндігінше эшелон 60-ты ұстаңыздар.
9:01:41 Д Әзербайжан 82-43, мүмкін болса, ақтауға қонудың болжамды уақытын хабарлаңыз.
9:01:49 Э 6-30 (естілмейді), Әзербайжан 82-43.
9:01:53 Д Әзербайжан 82-43, 6-35, дұрыс түсіндім ба?
9:01:57 Э 6-3-0, Әзербайжан 82-43.
9:02:01 Д Әзербайжан 82-43. 0-6-30, қабылданды, рақмет
9:02:15 Д Әзербайжан 82-43. Мүмкін болса, солға 10 градусқа 0-9-0 бағытын алыңыз
9:02:28 Э 0-9-0 бағытын алу үшін солға қарай, Әзербайжан 82-43.
9:02:32 Д Әзербайжан 82-43, осы нүктеден өт… оңтүстікке 9 шақырым, Ақтауға, батысқа… 133 шақырым қалды, сонда барыңыздар, Ақтау-Вышка 120… сау болыңыз.
9:02:47 Э 120 үтір 7, рақмет, Әзербайжан 82-43.
Бұдан кейін Әзербайжан авиакомпанияларының рейс экипажымен келіссөздерді Ақтау диспетчерлері жүргізген.