«Осы да мақтаныш па?». Гүлге үлкен сома жұмсаған Төреғалидің әкесі жұртқа жақпай қалды
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Төлепов әйеліне 5 миллионға гүл сыйлағаны желіде тарады.
Төреғалидің әкесі неткен романтик, — деп жазылған видеода.
Желі қолданушыларына қымбат сыйлық ұнамай қалса керек.
«Шіркін-ай осы ақшаны жағдайы жоқтарға берсе ғой», «Не деген шығын», «Осы да мақтаныш па? Бір-екі күннен кейін солып қалады, одан да мұқтаж жанға көмектеспедіңіз бе?», «Осылардың байлығы кімге керек?», — деп сөгіп жатыр жұрт.
https://smartnews.kz/news/16835-osy-da-maktanysh-pa-gulge-5-mln-tenge-zhumsagan-toregalidin-akesi-zhurtka-zhakpaj-kaldy