Қазақты Сталин қырған жоқ, қазақ бір-біріне «донос» жасап, өз-өзін қырды – Сәуле Әбілдаханқызы

0

Олардың жұмысы сол — айдап салу, қазақты ұйытпау, ұйыған қазақты іріту.

Танымал журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы бір-бірінің арасына от тастап, іріткі салатындар туралы әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Оның жазуынша, кезінде бірін-біріне айдап салушылар ел ішінде көп болған.

«37-38 жылдары қазақты Сталин қырған жоқ… қазақ бір-біріне «донос» жасап, өзді-өзін қырды… ағайын, туыс, дос, жекжат, көрші-қолаң.

Қаладағы әр «домда», кемінде, бір-екі шолақ белсенді болады, қазіргі «көлігін 6 минут қыздырды» деп видеоға түсіріп гаиға жіберіп, штраф төлеттіріп отырған «доносщиктер», іріткілер, құмалақтар солар. Олардың жұмысы сол — айдап салу, қазақты ұйытпау, ұйыған қазақты іріту. Ондайлар саяси топтардың, партиялардың ішінде де міндетті түрде болады», — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.