Бірқатар авторлардың пікірі бойынша палеолит екі дәуірге бөлінеді — ежелгі дәуір мен соңғы дәуір

0

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Көкшетау гуманитарлы-экономикалық колледжі

Курстық жұмыс

Қазақстан тарихы пәні.

Орындаған: Аударма ісі

мамандығының II курс Дүкембаева
Н.Н.
студенті
.

Тексерген: Оқытушы
Ғалымжанова Г.А.

Көкшетау 2007 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… ..3

I тарау. Алғашқы қауымдық құрылыс … … … … … … … … 4

II тарау. Қола дәуірі.Андрон мәдениеті … … … … … ..5

III тарау. Тайпалық одақтар … … … … … … … … … … … .6-
14

Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … ..15

Қолданылған әдебиеттер … … … … … … . … … … … … 16

Суреттер- қосымшалар … … … … … … . … … … … ..17-30

.

КІРІСПЕ

Ең алдымен өзіңді өзің таны! ежелгі грек ғұламасы айтқан осы пікір білім
қуған, әлемнің құпия сырларын білгісі келген адам үшін әлі күнге дейін
маңызын жойған жоқ. Өзін өзі толық білмеген адам өзге дүниені де біле
алмайды. Өзіңді танығаның – хақты танығаның, — дейді біздің тағы бір ұлы
бабамыз Қожа Ахмет Иасауи. Хақ деп отырғанымыз – ақиқат, дүниенің мәні.
Демек, әрбір адам, ең алдымен, өз елінің өткен тарихын, халқының салт-
дәстүрлерін, туған отанының табиғатын жақсы білуі керек. Сонда ғана ол өзге
елдердің тарихын, басқа халықтардың дәстүрін, бүкіладамзаттық өркениет
қазыналарын терең түсіністікпен қабылдай алады.
Жер бетіндегі адамзат біртұтас. Олар ежелгі замандардан бері бір- бірімен
араласа жүріп ғұмыр кешкен. Біздің ата-бабаларымыз да солай өмір сүрген.
Қиыр шығыстағы Тынық мұхиттан бастап, батыстағы Атлант мұхитына дейінгі
аралықта ежелгі ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолының ізі сайрап жатыр.
Олар жақын көршілерімен ғана емес, алыстағы италиялықтармен де,
германдықтармен де, мысырлықтармен де қарым-қатынас жасап, өзара ықпалдаса
білген. Осы туралы туған елімізде ежелгі дәуірлерден бастап бүгінгі күнге
дейін болған оқиғалардың мағлұматы жоғарыда жазылып көрсетілген. Ертедегі
өмір сүрген тайпалық одақтардың түрлері мен атауларынан басқа, олардың өмір
сүру салт-дәстүрлері, мекендеген жерлері мен территориялары, ішкі және
сыртқы саясаты, басқа елдермен қатынастары, сол заманнан қалған тарихи
ескерткіштері, мәдениеті, діні, шаруашылығы, бүкіл әлемге әйгілі
қолбасшылары, Ұлы Жібек жолы жөнінде жазылған.

I ТАРАУ. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫС

Ғалымдардың болжауы бойынша, ежелгі адамдар қоныстары жер бетінде
осыдан шамамен 2,5 миллион жыл бұрын пайда болған.Адамзат тарихи әлеуметтік-
экономикалық дамуында тас дәуірі , мыс(қола дәуірі) және темір дәуірі деп
үшке бөлінеді.
Тас ғасыры ежелгі (палеолит), орта (мезолит), жаңа (неолит) дәуірлерге
бөлінеді.
Батыс Еуропаның тарихи материалдары бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге:
дошель, шель, ашель болып бөлінеді. Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір
өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша палеолит екі
дәуірге бөлінеді – ежелгі дәуір мен соңғы дәуір. Ертедегі палеолиттің
бірінші кезеңі – олдувэй деп аталады. Ол б.з.б. 2,6 млн жылдан басталады.
Ежелгі палеолиттен кейінгі екіншісі – шель мен ашель 800 мың жылдан 140 мың
жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Соңғы палеолит 40 мыңжылдықтан 12
мыңжылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.
Адамның эволюциялық дамуы жағынан homo habilis фазасына сәйкес
келетін питекантроп пен синантроп сол заманда болған. Бірінші питекантроп
1891 жылы Индонезиядағы Ява аралында табылған. Питекантроп бұдан бір
миллиондай жыл бұрын өмір сүрген.
Соңғы палеолит б.з.б. 35-30- мыңжылдық пен 12-10-мыңжылдыққа дейінгі
кезеңді қамтиды. Кейінгі палеолит дәуірінде саналы адамдардың пайда болуы
мен адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің дамуы іске асты.
Бұл кезде әйелдердің қауымдағы жағдайы өте жоғары болды. Мұның өзі аналық —
матриархаттық дәуір дегенді білдіреді. Тас дәуірінің тарихында мезолит пен
неолит б.з.б. 12-5 және 5-3 мыңжылдықтардың аралығын қамтиды. Ол заманның
табиғаты осы замандағы бейнеде болған. Б.з.б. 5- мыңжылдықта басталған
неолит тас құралдарын барынша пайдаланған дәуір.
Алғашқы қауымдық құрылыс өндіргіш күштерінің дамуы тас дәуірінің соңғы
кезеңінде мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың ашылуына әсерін тигізді.

II ТАРАУ. ҚОЛА ДӘУІРІ. АНДРОН МӘДЕНИЕТІ

Біздің заманымыздан бұрынғы 2- мыңжылдықта мал және егіншілік
шаруашылығымен қоса метал өңдеу кәсібі дами бастады.
Қола дәуіріндегі экономикалық басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы және
метал өңдеу кәсібі ең алдымен еркектердіңеңбегін қажет етті. Бұл аналық
рудың орнына аталық рудың (патриархат) пайда болуын туғызды. Жеке отбасылар
бөлініп оқшаулана бастады, меншік ұлғайып кеңейді, мүлік теңсіздігі
орнатылды. Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезеңінде өндірістік
жабдықтарға және өндіріс өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты
қоғамда қауымның құрылыс ыдырап меншік пайда болды.
Ескі қола әуелі Андроново селосы жанынан Оңтүстік Сібірдегі Ачинск
қаласы іргесінде қазылып табылғандығы шартты түрде аталып кеткен.Осы
мәдениет өзінің таралу аймағына және өзіндік ерекшеліктеріне қарай тарихи
үш кезеңге бөлінеді. Алғашқысын ерте кезең деп атайды. Ерте кезеңге
біздің заманымыздан бұрынғы XVII-XVI ғасырлардағы Петров мәдениетін
жатқызады. Ал екіншісін орта кезең деп атайды. Орта кезеңге біздің
заманымыздан бұрынғы XV-XII ғасырлардағы Алакөл – Атасу,Федоров – Нұра
мәдениеттерін жатқызады. Ал үшіншісін соңғы кезең деп атайды. Соңғы
кезеңге біздің заманымыздан бұрынғы XI-IX ғасырлардағы Сарығары, Беғазы-
Дәндібай мәдениеттерін жатқызамыз.
Андрон мәдениеті сол дәуірде өмір сүрген тайпалардың тұрмыс- салтынан
мол мәлімет береді. Олар егін егіп, мал өсірген, аң аулап, құс атуды да
кәсіп еткен. Үйлерді шымнан, бөренелерден салған, іргесіне тас қалаған.
Алғашқы кезеңдегі қоныстарын биік дуалдармен қоршап, оны айналдыра ор
қаздырған. Ал оның ішіндегі қала көбіне қамалға ұқсаған. Орта кезеңдегі
қоныстарында қамал болмаған. Қоныс үлкейіп жүз, жүз жиырма үйге дейін
жеткен. Олар адамзат өркениетінде металды шебер пайдаланған зерегрлер
болды. Сол кезеңді қола дәуірі деп атайтыны сондықтан.

III ТАРАУ. ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР

Ежелгі Қазақстан жеріндегі Андрон мәдениетін жасаған ұлыс құрамында әр
түрлі туысқан тайпалар болғаны анық. Олардың ішіндегі ең белгілілері –
арийлер мен турлар. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Бір
ауылда 10-20 отбасынан құралған бір рудың ғана адамдары тұрған. Әр
отбасында 30-50 адам болған. Кейде бір руға жататын отбасылар бір ауылға
симағандықтан қара шаңырақтан басқа жақта жаңа қоныс салған.
Таңбалы тастар – петроглифтер – үңгір қабырғаларына, таулы жер
тастарына немесе жеке бір тастарға шекілген суреттер мен түрлі белгілер.
Таңбалы тастар сол дәуірдегі адамдардың тұрмыс-тіршілігінен мол мәлімет
береді.
Арийлер мен турлар қоғамындағы адамдар үш топқа бөлінген. Бірінші
топты елді сыртқы жаулардан қорғауға машықтанған, соғыс өнерін меңгерген
қолбасшылар мен батырлар құрады. Бұларды ғалымдар әскери ақсүйектер деп
атаған. Екінші топты дүниенің құпия сырларын білетін – абыздар құрады.
Әскери ақсүйектер мен қарапайым халық абыздарды бәрін білетін әулие тұтып,
олардың айтқан кеңестерін ұйып тыңдаған. Үшінші топты бақташылар, яғни
қарапайым халық құраған. Бұлар ең төменгі қара халық ретінде мал бағумен,
егін егумен, көші-қонмен айналысқан.
Қазақстан аумағында арийлер қалдырған құнды мәдениет ескерткіштері өте
көп. Солардың бірі – Авеста кітабы. Бұл кітап діни өсиеттердің әлемдегі ең
алғашқы үлгісі болып саналады. Авестадағы Ахура Мазда тәңірге мадақ
жырлардың авторы – дала данасы Заратуштра болып саналады. Заратуштра Каспий
теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасындағы спитама руынан
шыққан. Арийлер мен турлар қалыптастырған мәдениет пен жауынгерлік
дәстүрлерді солардың ата жұртында қалған ұрпақтары – сақтар одан әрі
жалғастырып әкетті.

Сақтар

Сақтар – біздің заманымыздан бұрынғы IX-III ғасырлар аралығында
Орталық Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерлерін мекен еткен тайпалар.
Олар тарихта скифтер деген атаумен де белгілі. Қазақ арасында сақ,
сақшы, сақа адам деген ұғымдар бар. Бұл сөздер қазақтардың сақ ұрпағы
екенін дәлелдейді.
Ата жұртта қалған негізгі көшпелі тұрмыс салтын, дәстүрлі шаруашылығын
ілгері дамытып, жерінің аумағын кеңейте түсті. Оның үстіне арбаны алғаш
ойлап тапқан өз заманының ең қуатты мемлекеттерінің біріне айналған-ды.
Олар ендігі қоланы тастап, темір қорытуды да жақсы меңгеріп алған.
Кемерлер – сақтардың Еуропаға барған алдыңғы легі. Азов теңізі мен
Қара теңіздің аралығын жайлаған кемерліктер шығыстан ауып келген
көшпелілердің ұрпағы. Олар біздің заманымыздан бұрынғы 2 – 1 мыңжылдықтар
аралығында өмір сүрген.Кемерлер екі теңіз аралығында мал өсіріп, аңшылық
құрған.
Массагеттер – Каспий сырты мен Арал теңізі жағалауларын мекендеген
тайпалар тобының атауы. Геродоттың айтуынша, олар соғысқа жаяу да, атпен де
шыққан. Қару-жарақтары мен әшекей бұйымдары мыс пен алтыннан жасалған.
Ахемен әулеті мемлекетінің негізін салған парсы патшасы Кир массагеттермен
соғыста олардың падиша ханымы Томиристен жеңіліп, қаза тапты. Массагеттер
Күнге табынып, оған құрбандыққа жылқы шалатын болған. Тұмар ханым (Томирис)
– массагеттердің падишасы. Шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 570 – 520
жылдар арасында өмір сүрген. Массагеттер тарихта ұлы сақтар деген атпен
де белгілі. Талай елді жаулап алып, қан қақсатқан Кир патша осы сақтар
елінің падишасының өзіне тұрмысқа шығуын қалаған. Ондағы ойы – сол елді де
өзіне қаратып алу. Ол кезде Аракс деп аталған ұлы Амудария өзенінің
жағасында Тұмар падишадан Кир: Еліңе қайт. Мен сенің ұсынысыңды
қабылдамаймын. Елімді жерге қарата алмаймын , — деген жауап алады. Оған
ашуланған Кир патша өзеннен көпір салып өтпек болады. Сонда Тұмар оған
соғыс жариялап, әскерімен бірге Талас даласына шығады. Шайқас аяқталған
соң, қаралы Тұмар патшайым Кирдің жансыз басын қан толы меске батырып
тұрып: Іздегенің қан еді ғой, ал іш ендеше! депті. Томирис осы жеңістен
кейін де көп жылдар ұлы сақ елін басқарған.
Асылар, исседондар – Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпасы. Батыста
Кіші Қаратаудың жарқабақты жотасы арқылы арыс тайпасымен шектесіп,
жазықтағы Асы өзенінің аңғарынан бастап шығысқа қарай Талас, Шу, Іле
өзендерінің аңғарларына дейін, Тарбағатай мен Алтайға дейінгі аралықты
мекендеген. Асылардың негізгі мекені – Жетісу өлкесі. Мал бағу мен егін
егумен қатар кен өңдеумен айналысқан.
Дахтар – Каспий теңізінің щығыс жағын мекендеген көшпелі сақ
тайпаларының бір тобы. Арал теңізі мен Сырдарияның қыр жағында, Каспий
теңізі мен Әмударияның аралығында көшіп жүрген сақтардың тобы.Құрамына
массагет, дах, астақ, қам, қамақ, аримаспы тағы басқа тайпалар жатқан.
Бұлар Кавказ тауын Қап тауы деп атаған. Орта Азияға шабуыл жасаған кезде
Дахтар басқыншыларға күшті қарсылық көрсетіп, сақ тайпаларының
Македонскийге қарсы бірлескен күресіне қатысқан.
Сарматтар мен аландар – біздің заманымыздан бұрынғы VI–III
ғасырларына дейін Тобыл мен Дунай аралығын мекендеген тайпалардың жалпы
атауы. II ғасырдың аяғында олар сақтармен одақтасып Диофант әскерлеріне
қарсы шықты. Боспор әулетінің өзара жауласу соғыстарына қатысты. Боспор
қалаларына біртіндеп қоныстана бастаған сарматтар, олардың тұрмысына,
қоғамдық өміріне және әскери ісіне әсерін тигізді. Сармат патшасы Гатал
Кіші Азия мемлекеттерін өз одағына кіргізді. Сарматтар Понтий патшасы
Митридат 6-мен одақтасып Римге қарсы шықты. Сарматтардың шығыс тобы Орта
Азия мемлекеттерімен, әсіресе, Хорезммен тығыз байланыста болды. Сарматтар
бірнеше рет Кавказ бойына шабуыл жасады.Сарматтардың бір бөлігі Рим
империясының шекарасына жақын қоныстанды. Римдіктер Сарматтармен әскери
қақтығыста болды. Біздің заманымыздан алғашқы ғасырларында олардың ішінен
аландар күшейе түсті. Сарматтардың Қара теңіз жағалауындағы үстемдігін IV
ғасырда ғұндар талқандады. Сарматтардың бір бөлігі готтармен және ғұндармен
бірігіп, халықтардың Ұлы қоныс аударуына белсене қатысты.
Соғды мемлекеті – Зеравшан және Қашқария өзендерінің алабында өмір
сүрген мемлекет. Басты қаласы – Мараканд (Самарқан) болды. Біздің
заманымыздан бұрынғы VI – IV ғасырларда Ахемен мемлекетінің құрамына кірді.
Соғдының негізгі халқы – көшпелі және отырықшы сақ тайпалары. Біздің
заманымыздан бұрынғы 329 – 328 жылы Соғды тұрғындары Спитаменнің
басшылығымен Александр Македонскийге күшті қарсылық көрсетті.
Македонскийдің өлімінен кейін Соғды Селевки әулеті, Грекия-Бактрия
патшалықтарына, ал біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында Кушан
патшалықтарының құрамына енді. Соғдыны IV – V ғасырлардың аяғында ақ
ғұндар, VI – VII ғасырларда түрік қағандығы, VII- ғасырдың аяқ кезі мен 8-
ғасырдың басында арабтар жаулап алған.
Алтын адам – Есік обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгері. Жасы
17 – 18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі қабірде басы батысқа қаратылып
жатқызылған. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен
безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс
бейнелерін беретін аң стилімен жасалған. Бас киімі кейінгі қазақ киімі
үлгілеріне ұқсас – биік, шошақ төбелі. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын
адамның Қазақстан жерінде өмір сүрген сақтардың көрнекті елбасының ұлы
немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.
Алтайдың алтын адамы – сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. 1997 жылы
Қазақстанмен шекералас Локоть ауданы территориясынан табылған. Алтайдың
алтын адамы Есік обасынан табылған Алтын адамға ұқсас, киімі алтын
тоғаларға толы. Археологиялық зерттеулер бұл адамның біздің заманымыздан
бұрынғы V– IV ғасырда өмір сүрген.
Батыс Қазақстан өлкесіндегі Жем өзенінің сол жағалауындағы Аралтөбе
қорғаны 1999 жылы зерттелді. Аралтөбе қорған-қорымынан сақ дәуірін
бейнелейтін көптеген бұйымдар, құрал-саймандар, ыдыстар табылды. Сондай-ақ,
қорымнан еркек пен әйелдің мүрдесі табылды. Ерекше құрметпен жерленген бұл
адамның киімі алтынмен әшекейленген.

ҒҰНДАР

Ғұндар, хундар – біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр және біздің
заманымыздың V ғасыр аралығында өмір сүрген, түркі халықтарының арғы тегі.
Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Негізінен көшпелі болғандықтан мал
өсіріп, аңшылық құрған, сондай-ақ, отырықшы өмір сүріп, егін салған. Кен
қазып, металл қорытқан, саз балшықтан түрлі бұымдар жасаған. Ғұн әскерінің
негізі атты әскерден тұрды. Олардың қару-жарақтары – садақ, семсер, қанжар,
найза, бұғалық болған. Ұлы ғұндар ордасы – ғұндар құрған мемлекет. 24
тайпалық одақтан құралған Ғұн ұлысымен алып Еуразия қос құрлығында тең
келер бірде-бір мемлекет болған емес. Кейін ғұн ұлысы қанатын жайып,
тармақталып тарихта Азиялық ғұн ұлысы (48 – 156 жылдар аралығы), Батыс ғұн
ұлысы (350 – 469 жылдар аралығы), Ақ ғұн ұлысы ( 367 – 560 жылдар аралығы),
Табғаш дәулеті (386 – 557) қалыптасқан.
Цинь империясының билеушісі Ши Хуан біздің заманымыздан бұрынғы 214
жылы жүз мың адамнан тұратын қалың қолмен Сарыжазықта отырған ұлы ғұн
ордасына шабуыл жасады. Шабуылдың тұтқиылдан болғаны сондай, ғұндар
Сарыжазықты тастап шығуға мәжбүр болды. Қорғанысқа қолайлы алқапты өз
иелігіне алған Ши Хуан ғұндардың қарсы шабуылынан қорғану үшін екі жылдың
ішінде осы аймақтан ұзындығы 5000 шақырымдық, биіктігі 6 – 10 метр, ені 5 –
6 метр болатын үлкен қорған тұрғызады. Ұлы Қытай қорғаны деген атаумен
тарихқа еніп, күні бүгінге дейін сақталған әлемдегі ең құрылыстардың бірі
осылай пайда болды.
Бұл кезде ұлы ғұн ордасының билеушісі Тұман тәңірқұт еді. Тарихта
жігерсіз, көрсеқызар билеуші ретінде қалған бұл тәңірқұттың тұсында ұйысқан
ұлы ғұндар ордасы ыдырай бастады. Бұрынғы 24 тайпадан тұратын мемлекет енді
54 ұлысқа бөлінді. Олардың арасында бізге белгілі болғандары сәнби, иузи,
үйсін, қаңлы, дунхұн (хундар) ұлыстары.
Үйсін ордасы – қазақ жеріндегі алғашқы мемлекеттерінің бірі. Біздің
заманымыздың II ғасырынан V ғасырына дейін билік құрған. Астанасы –
Қызылқорған қаласы болған. Үйсіннің ұлысбегі Елжау би болған. Елжау би
басқарған дәуірде халықтың тұрмысы жақсарып, ел іргесі тыныш болып,
жаймашуақ өиір сүрген.
Қаңлы мемлекеті – Орта Азиядағы ежелгі мемлекет. Астанасы бір деректе
Битянь қаласы деп көрсетілсе, тағы бір мәліметтерде Отырар (Фараб), Шаш
(Ташкент) деп те көрсетілген. Қаңлы мемлекеті біздің заманымыздан бұрынғы
36 – жылы ғұндармен бірігіп Қытай басқыншыларына қарсы күрескен.
Ақ ғұндар ұлысы – V – VI ғасырларда ғұндар құрған ірі мемлекет. Ақ ғұн
ұлысына Орта Азия, Ауғанстан, Пәкстан, Солтүстік және Батыс Үндістан, Шығыс
Түркістан жерлері қарады. Астанасы – Балх қаласы болды. V ғасырдың басында
ирандық Сасани әулетімен күресте Ақ ғұндар жеңіске жетті. Сол жеңістен
кейін ирандықтар Ақ ғұн ұлысына салық төлеп тұрған.
Батыс ғұн ұлысы – Ғұндардың Еуропада құрған мемлекеті. Патшасы
Балаәмір жетекшілігімен батысқа аттанып, IV ғасырдың 70-жылдары Днестрге
дейінгі жерлерді жаулап алды. Остготтарды және вестготтарды жеңіп,
бағындырды.
Готтар – герман тайпалары. Олар батыс готтар (вестготтар) және шығыс
готтар (остготтар) деп екіге бөлінетін. VIII … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz