Банктер Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болғандардың несиесін кешіреді

0

Әзербайжан банктері мен несиелік ұйымдары Ақтау қаласы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан жандардың несиесін кешіру жайлы шешім қабылдады.

“Баку-Грозный рейсінің экипаж мүшелері мен жолаушыларының қайғылы қазасы бүкіл елді, оның ішінде Әзербайжанның банк қауымдастығына да ауыр тиді. Әзербайжан орталық банкінің ұсынысы бойынша ABA және AMFA қаза тапқандардың несиелерін есептен шығарады. Қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне көңіл айтамыз және зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектеспіз”, – делінген ресми хабарламада.