“Құжат арқылы дәлелденбесе, өтемақы берілмейді” — Министрлік шырша безендіремін деп құлаған мұғалім туралы
Бүгін Семей қаласында жаңа жылдық шыршаны безендіремін деп биіктіктен құлаған Қуат Айтқалиевті ауруханадан шығарды, деп хабарлады Білім министрі.
Ал Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мұғалімнің қосымша жұмысқа тартылғаны құжат арқылы дәлелденсе, жұмыс уақытында тартылған болса, өндірістік жарақат деп танылады. Ал құжат арқылы дәлелдеу мүмкін болмаса, ондай статус берілмейді және өтемақы төленбейтінін айтты.
Алайда алдағы уақытта мұғалімнің қалпына келуі үшін ұзақ уақыт қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Қуат Айтқалиев биіктіктен құлап, ми жарақатын алған еді.