Қазақстанда қарашада аяз болады

0

Қараша айында синоптикалық процесстердің жиі алмасуына байланысты күн-райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РМК «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Аязды және жылы күндер алма кезек ауысып жауын-шашынды, ұйытқымалы жел соғып, көктайғақ болады, түнде және танертен тұман күтіледі.

Алғашқы он күнде аяз болады.

Солтүстікте түнде 5…15 аяз, күндіз 0…8 аяз болады;

Оңтүстікте түнде 0…7 аяз, күндіз 0…5 аяз болады.

Келесі он күнде аяз қаттырақ сезіледі

Ауа температурасы тек Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында  1°С төмен болады деп күтіледі.

Айлық жауын-шашын мөлшері Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының солтүстік жартысында мөлшерден аз, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктері аумақтарында мөлшерден көп, қалған аймақтарда – қалыпты мқлшерде жауады.

«Қамшы» сілтейді