«Ресей ұшақ апаты үшін кешірім сұрауы керек» — Әзербайжан депутаты
Әзербайжан парламенті депутаты Расим Мұсабеков Turan агенттігіне сұхбат берді. Ол Ақтауда құлаған ұшаққа әуе қорғанысы арқылы шабуыл жасалғанын айтып отыр. Бұл туралы Baribar.kz жазды.
Ресей тараптары Әзербайжанға әуе қорғанысы арқылы шабуыл жасағаны үшін кешірім сұрауы керек. Ұшақ Ресей аумағында, Грозный әуесінде атқыланды. Мұны жоққа шығару мүмкін емес, — деді Расим Мұсабеков.
Оның айтуынша, ресейлік тарап жағдайға сәйкес әрекет етіп, кешірім сұрауы керек.
Мұны жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек, қаза болғандар мен зардап шеккендерге өтемақы төленуі керек. Егер бұлай болмаса, онда әрине қарым-қатынас басқа дәрежеге көшеді. Сондықтан кінәлілер жауапқа тартылуы керек, — деді Расим Мұсабеков.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтаудағы ұшақ апатына Ресей зымыраны себеп болғаны айтылып жатыр. Бұл туралы Euronews телеарнасы хабарлаған.