Маңғыстаудағы ұшақ апаты болған жерді суретке түсірген блогер қамауға алынды

0

Маңғыстау полициясы жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаевты ұстады.

Бұл туралы блогердің өзі инстаграм парақшасында хабарлады.

Сондай-ақ блогер өзін апат болған жерде түсірілім жасағаны үшін ұстаған болуы мүмкін екенін айтқан.

“Мені ұстады. Ақтау қаласының ПБ-сына бара жатырмын. Болжам бойынша, ұшақ апаты болған жерді түсіргенім үшін.

P/S Қазіргі сәтте @reuters, @guardian, @bbcnews, @lemondefr және басқа да бүкіл әлемдік БАҚ менің фотосуреттерімді пайдаланып жатыр…

P/S P/S Осы жағдайдан шын көңіліммен күліп отырмын, өкінішке қарай, бұл қуаныштан емес, жағдайдың абсурдтылығынан туындаған күлкі”, — деп жазған  блогер инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, Төтенше жағдайларды жою департаменті Авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары басқармасының бастығы Қайрат Жанаспаевтың мәліметінше, бортта 69 адам болған, оның 5-еуі экипаж мүшесі.

фото: жеке парақшадан