“Көзім ағып кете жаздады” — Асхат Садырбайдың экс-әйелі күйеуінен көрген қорлығын жайып салды
KYN.KZ сайтына сұхбат берген ол, бұрынғы күйеуі баланы тарту үшін, бүгінге дейін тыныштық бермейтінін айтты.
Сөзінше ұлдары дүниеге келгеннен бастап қарым-қатынастары нашарлап, ұрыс-керіс басталған. Бала үш жасқа толғанша бірнеше рет ажырасып, қайта қосылып, екі адамның мәселесі екі әулеттің тынышын құртқан.
Айғаным Болатқызының сөзінше күйеуі оны ұрып-соғып, үйден қуып, ақшасыз далада қалдырған күндері болған. Тіпті бір жастан асқан ұлын анасына көрсетпей алып қашып жүрген көрінеді.
Айғаным Болатқызы ұлы 8 жасқа толса да оның әкесі өзін сотқа сүйреп, мазасын қашыратынын айтады.
«Мен ел алдына шығып сондай журналист қызметін атқарып жүрген азаматтың абыройына тимес едім. Осынша уақыт жаным қиналып жатса да шыдадым. Бірақ, не үшін мен оның айыбын жасыруым керек деген ойға тоқтадым. Ол ұлын алып алмақ болып, оның анасына зәбір көрсетті, әлі де тыныштық бермейді. Қит етсе мені сотқа шақырып тұрады. Ұлымен көріссін, аралассын, бірақ меннен тартып алуына жол бермеймін. Ол мені қарапайым отбасының кішкентай, ештеңе көрмеген, шағын ауданнан шыққан қарапайым қыз деп басынды. Ұрды, соқты. Барлығы сондай бір түсініспеушілікпен болған шығар сол кезде деп қоюыма, тыныш кетуіме болатын еді. Бірақ қазіргі күні де соттасып жүрмін. Бар ойы баланы алып алу. 8 жастағы оқушы баланың миын улау ма деп қаламын. Ол бала ғой. Мен сияқты қысымда, түсініспеушілікте жаны ауырғанын қаламаймын. Сол себепті бар жағдайды айтайын деп бел будым»,-деді Айғаным Болатқызы.
Сонымен бірге ол бір ұрыста көзінің ағып кете жаздағанын баяндады.
«Бұл 2019-ға жетпей тұрып, 2017-2018-де «Сен жындысың» деп мені психбольницаға сүйрегені есімде. Ұрыс кезінде, саған емделу керек, спиз дейтін…
Көзімнен ұрған кезде, ағып кете жаздады. Балконға кетіп бара жатып, қолымда қарасам қан, шок болып скорыйға өзім хабарласамын. Үйге камера қояды ғой, мен соншалықты сенгенім… Бар ойы сонда баланы алып қою ғой?», — деп ағынан жарылды ол.
Күйеуімнен қорлық көрдім деген келіншек өзге қыздардың осындай қателіктерді жібермегенін қалайды. Сол себепті көлемді видео сұхбатта барлығын басынан баяндап, түсіндірген еді.
коллаж: kyn.kz