Ақтау маңында құлаған ұшақта аман қалғандар саны белгілі болды
Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Ақтау маңында құлаған ұшаққа апатына қатысты арнайы комиссия құрылды. Оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады.
Қасым-Жомарт Тоқаев ақтауға Астанадан келген дәрігерлерді жіберуді және зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.
Ақпарат көздеріне сүйенсек, бортта 37 Әзірбайжан, 16 Ресей, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматтары болған. Сондай-ақ, 67 адамның 25-і аман қалған және олар ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Ақпарат, фото: t.me/tengrinews