“67 адам бар” — Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)
Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Дереккөздерге сүйенсек, ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.
Желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар мен суреттер тарап жатыр. Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Желіде тараған ақпарат бойынша, ұшақ бортында 100-ден аса адам болған. Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.