Нұрбек Оралбай «Қазақ аруы» Ақкербез екеуінің арасында не барын айтты
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Нұрбек Оралбай мен «Қазақ аруы-2024» байқауының жеңімпазы Ақкербез Ысқаққызының араласуы көптің назарын аударды. Боксшы жұртты алаңдатқан сұраққа жауап берді. Бұл туралы ол «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Боксшы жеке өмірі жайлы сырын ақтарды. Бағдарламаға хабарласқан көрермен Нұрбек Оралбай мен Ақкербез Ысқаққызының арасында не бар екенін тіке сұрады.
«Елдің бәрі соны айтып жүр ғой. Онымен жүрмеймін, сөйлеспеймін. Бұйырғанын көрерміз», — деп жауап берді Нұрбек.
Сондай-ақ егізі Айбекке қарап үйленуге мотивация алатынын да жасырмады.
«Айбектің отбасына қарап қызығамын. Баласы бар ғой. Еркелетіп, ойнатамын. Менің де балам болса деп армандаймын. Бұйырса келесі жылы үйленгім келеді. Солай жоспарлап отырмын. Десе де, спортты ұмытпаймын ғой. Келесі Олимпиадаға дайындықты бастап кеттік. Мен ғана емес команда болып алтын әкелеміз», — деді ол.
фото: ашықдереккөз