«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қоғамдық қолдау орталығын құрады

0

Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылынөткізуді қоғамдық қолдау Орталығы жаңа жылдық мерекеден соң бірден іске қосылады. Мұндай Орталықты құру бастамасын «Әділдік жәнеөркендеу» қоғамдық қоры 24 желтоқсан күні БАҚ өкілдеріне арналған арнайы іс-шарада жариялады.

Орталық ҮЕҰ, қоғам белсенділері мен Жұмысшы мамандықтар жылын лайықты өткізуге немқұрайлы қарамайтын азаматтар үшін ортақ алаңға айналмақ. Қор бұл үшін adalenbek.kz арнайы сайтын жасайды. Сайтта елдегі еңбек адамдарын қолдауға арналған қоғамдық іс-шаралардың интерактивті Картасы жасақталады. Қор осы ретте, ақпаратты бір ресурста жинау үшін үкіметтік емес ұйымдарды өзбастамалары туралы ақпарат бөлісуге шақырады. Бұл кез келген қазақстандық үшін ыңғайлы болмақ, яғни бір сайтқа кіріп, өтетін іс-шаралар туралы ақпарат алып, қатысуға мүмкіндік береді. Ақпаратты adildik.org.kz@gmail.com поштасына жіберуге болады.

Сондай ақ, «Әділдік және өркендеу» қоры Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бірқатар төл бастаманы жүзеге асырады.

Солардың бірі, «Еңбек даңқы» онлайн-кітабы. Бұладал еңбекпен отбасын асырап, ел экономикасын еселеуге үлес қосып жүрген Сіз бен біздің жақындарымыздың есімі жазылатын естелік кітабына айналады. «Еңбек даңқы» онлайн-кітабына кез келген қазақстандық лайықты дегенжанды қоса алады. Бұл кітап та adalenbek.kz арнайы порталына жүктеледі.

Сондай ақ, Қор журналистер мен блогер лерарасында «Еңбек адамы туралы ең үздік материалға» байқау жариялайды. Конкурсқа журналистер мен кемінде 3 мың жазылушысы бар блогерлер қатыса алады. Жұмыстар түрлі жанрда,  бірнеше номинация бойынша қабылданады. Келіп түскен жұмыстарды құрамында беделді медиа мамандар мен қор өкілдері кіретін қазылар алқасы бағалайды. Алғашқы жеңімпаздар Журналистер күніне орай марапатталады. Ал, 2025 жылдыңсоңында жалпы қорытындысы шығарылады.

«Бұл бастамалардың ішінде ерекше орын алатыны – «Еңбек даңқы» кітабы жобасы. Барлық қазақстандықты өз жақындарының еңбек жолытуралы естеліктерін бөлісуге шақырамыз.

Жұмысшы мамандықтар жылыбұл еңбекпен келген нанның тәтті болатынына, қоғамның дамуы үшін адал еңбектің маңыздылығына ерекше екпінтүсіретін уақыт. Бұл бастамаларды бүкіл қоғам болып қолдап, жүзеге асыруға белсенді қатысса дейміз. Біздің мақсатымыз — ҮЕҰ, белсенділер мен барлық мүдделі азаматтардың күш-жігерін біріктіру, еңбек адамының беделін нығайту және әлеуметтік әділдік құндылықтарын ілгерілету. Елімізде Жұмысшы мамандықтар жылын өткізуді қоғамдық қолдау Орталығы күшіміз бен үнімізді біріктіретін платформаға айналады деп сенеміз. Біз біріге отырып, еңбек адамының елдің болашағымен өркендеуінің қуатты негізі болатынын көрсетеміз!» — деді Қор директоры Дана Рысмұхамедова баспасөз мәслихатында.

Сізді қызықтырған кез келген ақпаратты Қордыңбаспасөз қызметінен ала аласыз.  

+77019869966 — Гүлжан Мархабаева, қордыңбаспасөз хатшысы.

Анықтама:

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорыжаңаүлгідегі үкіметтік емес ұйым. Қор белсендіазаматтық ұстанымы бар, Әділетті Қазақстанқұруға үлес қосқысы келетін қазақстандықтардыбіріктіреді. 20 өңірде өкілдігі мен 8000 астамжақтасы бар. Қор өз жұмысында қоғамдық бақылаумен әлеуметтік мониторингке ерекше басымдықбереді.