«Ұнамаса келме»: Димаш Құдайбергеннің әкесі елордаға тіл тигізген ресейлік блогерге жауап берді

0

Танымал мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев бас қаланы жамандаған ресейлік блогерге ашуланды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресейлік блогер Илья Варламов Астана қаласының өте жайсыз екенін айтқан еді.

“Астана – нашар қала. Бұл қалада өмір сүру өте жайсыз. Урбанистика жағынан жағдайы мүшкіл. Серуендеуге де қолайсыз. Астананың көлеңкелі тұстары туралы көп жаздым. Маған ұнамайды. Астанаға тек шаруа бойынша ғана келемін», – деген еді ресейлік блогер.

Блогердің бұл сөзі Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаевтың шамына тиіп, қазақ тілінде пікір жазды.

“Сенің пікірің керек еді бізге. Астана – өте көркем, әсем қала. Ұнамаса келме. «Асын ішіп, аяғына түкіру» дейді мұндайды», – деп жазды Қанат Айтбаев.