Станислав Черчесов қызметінен кете ме – ҚФФ пікір білдірді

0

Ол ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне 2024 жылдың жазында тағайындалды

Қазнетте футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың отставкаға кетуі туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Kznews.kz

 Бұл ақпаратты журналист Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-арнасында жариялады.

Спорт комментаторының айтуынша, мұндай шешімді жаңа басшылық қабылдаған.

«Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2 еуропалық маманның кандидатурасы ұсынылған. Қазір заңгерлер Черчесовтың келісім-шартын қалай үзсек деп зерттеп жатыр», — деп жазды ол.

Ал Қазақстан футбол федерациясының Вице-президенті Рохус Шох Sport24 порталына желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Мен мұны былай түсіндірейін,  бұл мен де, федерация да түсіндіргіміз келмейтін тағы бір қауесет», — деді.

Естеріңізге сала кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне 2024 жылдың жазында тағайындалды. Оның басшылығымен Қазақстан құрамасы алты матч өткізді (барлығы Ұлттар лигасында), оның біреуінде тең нәтижеге жетсе, бесеуі жеңіліспен аяқталды.